$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады

05.02.2026ж. 11:57
Қазақстандық садақшылар Азия кубогына дайындықты бастады
Фото: ҰОК

Садақ атудан Қазақстан құрамасы Азия кубогының алғашқы кезеңіне дайындықты бастады. 

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 5-20 ақпан аралығында спортшылар Алматы облысындағы Спорттық даярлық орталығының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Жиынға 30 садақшы қатысады.

Айта кетейік, Азия кубогының алғашқы кезеңі 21-28 наурыз аралығында Бангкокта (Таиланд) өтеді.