$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматы облысында Сарыбастау ауылынан 4 адамның мәйіті табылды

AstanaTV
05.02.2026ж. 19:00
Алматы облысында Сарыбастау ауылынан 4 адамның мәйіті табылды

Алматы облысы Райымбек ауданы Сарыбастау ауылынан 4 адамның мәйіті табылды. Бірнеше күн хабар болмағандықтан, туыстары іздеп келгенде, үйден олардың жансыз денесін тапқан. Екі ер азамат, әйел мен бір жарым жасар сәбидің өліміне не себеп болғаны әзірге белгісіз. Алдын ала болжам бойынша, ыстан уланған болуы мүмкін. Қазір сараптама жүргізіліп жатыр.  

АЙГЕРІМ ҚАНЫБЕКҚЫЗЫ, АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТЖД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Оқиғаның себептерін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды.Оқиға орнына Алматы облысы ТЖД-ның күштері мен құралдары, полиция департаментінің қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жұмылдырылды.