$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы сірке суын ішіп, жансақтау бөліміне түсті

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы сірке суын ішіп, жансақтау бөліміне түсті

Солтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысы сірке суын ішіп,  жансақтау бөліміне түсті. Оқиға Айыртау ауданындағы Гусаковка ауылында болған. 10 сынып оқушысы таңертен мектепке келіп, бірден дәретханаға қарай барыпты.  Ізінше сол жерде 70 градустық сірке суын ішіп, құлаған. Біршама уақыттан соң жасөспірімді мұғалімдер тауып алған. Жедел жәрдеммен аудандық ауруханаға жеткізілді. Онан соң санитарлық авиациямен Петропавлдағы балалар ауруханасына ауыстырылды. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

ГҮЛНӘР ҚАЛИЕВА, СҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Өте ауыр жағдайы. Нақты бір шешім, болжау жасауға әлі ерте. Науқас толықтай ем қабылдап жатыр. Барлық медициналық көмек көрсетілуде. Жансақтау бөліміне жатқызылды.

Мектеп басшылығы оқушының жақсы оқитынын айтады.  Оқиғаның мән-жайын білу үшін арнайы комиссия құрылды. Ал полицейлер іс қозғап, тергеуді бастады.

АЗАТ ҚҰСАЙЫНОВ, СҚО ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Аталған факті бойынша полиция департаменті сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайын жан-жақты, әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.