Рөльде отырған жүргізушінің жүрегі тоқтап қалған. Алматыда бес көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көлік жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, өзімен бір бағытта келе жатқан бес көлікпен соқтығысқан. Жүргізуші сол жерде көз жұмған. Өзге зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ.
САЛТАНАТ ӘЗІРБЕК, ҚАЛАЛЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:
50 жастағы жүргізушісі денсаулығының күрт нашарлауына байланысты 5 автокөлікпен соқтығысып, өзі өкінішке орай жан тәсілім етті. Медициналық қызметкерлердің алдын ала болжамы бойынша өлімнің себебі жүрек ақауы болуы мүмкін. Қазіргі таңда тиісті сараптамалық зерттеулер тағайындалып анықтау шаралары басталды.