$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция жобасына 4 мыңнан астам ұсыныс түскен

05.02.2026ж. 16:35
Жаңа Конституция жобасына 4 мыңнан астам ұсыныс түскен
Фото: конституциялық комиссия

Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова Конституциялық комиссия отырысында жаңа жобаға қатысты 4 мың өтініш келіп түскенін айтты.

«Қазіргі таңда комиссия хатшылығына E-otinish платформасы арқылы 4 мыңнан астам ұсыныс келіп түскені белгілі болып отыр. Қоғам тарапынан көптеген оң пікірлермен қатар, Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты әрі мазмұнды ұсыныстар да түсіп жатыр. Алдыңғы отырыста басталған пікір алмасуды жалғастырамыз. Конституция жобасының бүкілхалықтық талқылауы азаматтардың конституциялық процеске белсенді әрі саналы түрде қатысып жатқанын айқын көрсетеді. Қоғаммен жүргізіліп отырған бұл ашық диалог алдағы уақытта да жалғасын табады. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының ережелерін бұдан әрі де нақты, мазмұнды және кәсіби деңгейде түсіндіру жұмыстарын жалғастырады», - деді Азимова.

Ол атағандай, қосымша түсіндіруді қажет ететін мәселелердің бірі – Конституция жобасының 18-бабының 2-тармағы.

«Аталған нормада сот шешімінсіз ұстау және қамауда ұстаудың шекті мерзімдеріне қатысты ережелер көзделген. Заңгерлер мен сала мамандарының пікірінше, аталған баптың заң техникасы тұрғысынан нақтылауды қажет ететін тұстары бар. Атап айтқанда, 18-баптың 2-тармағында сот шешімінсіз ұстау мәселесіне қатысты нормаларды нақты әрі бірізді түрде айқындау қажеттігі айтылды», - деді ол.