$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілерінің табысы анықталады

Алимент төлеуден жалтарған такси жүргізушілерінің табысы анықталады

Алимент төлеуден қашып жүрген такси жүргізушілеріне тықыр таянды. Енді жүргізушілердің табысы Yandex Qazaqstan қосымшасы арқылы анықталады. Бұған қатысты Алматы қалалық прокуратурасы бірлескен келісім шарт жасаған.  Құжат кірістерді жасыру және алименттік берешектің пайда болу фактілерін анықтауға және дер кезінде жолын кесуге жәрдемдеседі. Ең бастысы бала құқықтарын қорғауға негіз болады. Айта кетейік, Алматы қаласында өткен жылдың өзінде 110 осындай факті анықталып, 57 адамға әкімшілік шара қабылданған. Ал он адамға сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмысы жүргізілген.