$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ұсыныс түскен

Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ұсыныс  түскен

Жаңа Конституция жобасына қатысты 4 мыңнан астам ұсыныс  түскен. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова  Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның  кезекті отырысында айтты. Конституция жобасын азаматтар белсенді әрі саналы түрде талқылап жатыр. Қоғам тарапынан көптеген оң пікір түсуде. Сонымен бірге Конституция жобасының жекелеген баптарының редакциясын жетілдіруге бағытталған нақты әрі мазмұнды ұсыныстар да бар дейді ол. 

ЭЛЬВИРА ӘЗІМОВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТ ТӨРАҒАСЫ:

Қоғаммен жүргізіліп отырған бұл ашық диалог алдағы уақытта да жалғасын табады. Комиссия мүшелері жаңа Конституция жобасының ережелерін бұдан әрі де нақты, мазмұнды және кәсіби деңгейде түсіндіру жұмыстарын жалғастырады.

Бас прокуратура жаңа Конституция жобасындағы 18-ші бапқа қатысты нақтылауды ұсынды. Заңгерлер мен мамандардың пікірінше, заң техникасы тұрғысынан сұрақтар бар.

ЖАНДОС ӨМІРӘЛИЕВ, ҚР БАС ПРОКУРОРДЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Атап айтсақ, осы баптың екінші тармағында «сот шешімінсіз адамды заңда көзделген мерзімінен артық ұстауға болмайды» деп көрсетілген. Бұл дұрыс жазылған мәтін. Бірақ, орыс тіліндегі аудармасында «мерзімінен артық ұстау» деген шешуші ұғым көрсетілмей қалған. Сондықтан, кейбір мамандар «сот шешімінсіз күдіктіні мүлде ұстауға болмайды» деп түсіну қауіпі бар екенін айтуда.