$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда жас сайлаушылар клубы құрылды

05.02.2026ж. 19:00
Павлодарда жас сайлаушылар клубы құрылды

Ал Павлодарда жас сайлаушылар клубы құрылды. Алғашқы отырысына студент жастар қатысып, сайлау өткізудің құқықтық ережесімен танысты.  Ұйымның негізгі мақсаты жастардың азаматтық белсенділігін арттыру әрі саяси сауатын жетілдіру. Осы орайда жастар өзара пікір алмасып, сайлау туралы ойларын ортаға салды.

5 ақпан -  дүниежүзілік сайлау күні. Осыған орай MARGULAN UNIBERSITY-нің қабырғасында жас сайлаушылар клубы құрылды. Оған осы оқу орнының 30 студенті қабылданды. Мұнда жастар сайлаудың өткізудің құқықтық тәртібімен танысты.

Клуб отырысы тоқсан сайын өткізіледі. Олар алдымен сайлаудағы саяси терминдер танысады. Сайлау туралы барлық қажетті мағлұматтарды алып,  саяси науқанның қалай жүзеге асырылатынын білетін болады. Жалпы айтқанда, сайлаудың ішкі жүйесімен жіті танысады.

Жас сайлаушылар клубының мақсаты - жастардың азаматтық белсенділігін арттырып, саяси сауатын жетілдіруге бағытталған. Осы  мақсатта 20 клуб құрылды. Барлығы да жастарды электролды процеске тартудың тиімді жолын қарастыратын болады.

АЯН ДӘУЛЕТИЯРОВ, MARGULAN UNIBERSITY СТУДЕНТТЕРМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІК КЕҢСЕСІНІҢ МАМАНЫ:

Жас сайлаушылар клубы болашақта елімізге референдум кезінде кез келген жұмыстарға мемлекетке тікелей септігін тигізетін жастар болып табылады. Яғни, белсенді жастар. Оның ішінде кез келген кездесулер болсын кез келген жағдайлар болсын барлығында біз белсенді болуға тырысып, осы жастармен толықтай жұмыс жасап жатырмыз.

Павлодар қалалық аумақтық сайлау комиссиясы жанынан өткен жылдан бастап «Жас сайлаушылар  клубы»  құрылған болатын. Бұған дейін 4 мың адамды қамтыған 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылды.

ЕРАСЫЛ СЕРІКҰЛЫ, СТУДЕНТ:

Статистика бойынеша сайлауға қатысуға құқығы барлардың көп пайызы сайлауда дауыс бермейді. Ол жастардың көп бөлігінің дайын еместігін көрсетеді. Бұл басқа аспектілердің де дамымай жатқанын көрсетеді. Осы клубтың арқасында менің ойымша ертеңгі келешек жастар көбіне бейім борлып,өздерінің позициясын ұстана біледі деп ойлаймын.

Бұл жастардың өзін ойын еркін білдіруіне жола ашады. Әрі елдегі саяси оқиғаларға белсенді қатысуға мүмкіндік бермек.