$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Доллар құны 495 теңгеге дейін түсті

05.02.2026ж. 18:06
Доллар құны 495 теңгеге дейін түсті
Фото: istockphoto.com

Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 495,1 теңгені құрап, 3,36 теңгеге төмендеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің 5 ақпанға белгілеген ресми доллар бағамы – 498,65 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегіне сәйкес, қазіргі уақытта Алматы қаласындағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 494,53 теңге, сату бағамы – 497,38 теңге. Астанада доллар орта есеппен 493 теңгеден сатып алынып, 500 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкент қаласында долларды орташа есеппен 494,95 теңгеден сатып алып, 497,3 теңгеден сатуда.