$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ерлан Қарин: Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуға тиіс

05.02.2026ж. 17:09
Ерлан Қарин: Ата Заңымыз мемлекеттік тілде дұрыс, түсінікті, ұғынықты жазылуға тиіс
Фото: Конституциялық комиссия

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық комиссияның кезекті отырысында Конституция Қазақстан тарихында тұңғыш рет қазақ тілінде жазылып жатқанын мәлімдеді.

Жаңа Конституция жобасының мемлекеттік тілдегі нұсқасы – аударма емес. Қолдарыңыздағы қазіргі жоба о бастан мемлекеттік тілдің мүддесі тұрғысынан жазылған. Екіұшты мәселелер туындаған кезде әуелі қазақ тіліндегі нұсқа назарға алынып отыр, – деді ол.

Мемлекеттік кеңесші мұны қазақ тілінің заң тіліне айналуы деп бағалады.

Яғни ел тарихында тұңғыш рет Конституциямыз басынан аяғына дейін құқықтанушылар мен тіл мамандарының бірлесіп жұмыс істеуімен мемлекеттік тілде әзірленіп жатыр. Бұл – қазақ тілінің заң тіліне айналғанын, аясы кеңейіп, өркендегенін көрсетеді, - деді Қарин.