Астанада Қазақстанның бірінші, әлемнің оныншы ракеткасы Александр Бублик баланың тұсауын кесті. Кішкентай Аян теннис добын таңдаған. Рәсімнің видеосын Қазақстан Теннис федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.