$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Балтамен шабуыл жасаған мектеп оқушысы қамауға алынды

Балтамен шабуыл жасаған мектеп оқушысы қамауға алынды

Атырау облысында  қатарластарына балтамен шабуыл жасаған мектеп оқушысы қамауға алынды. Оқиға  Құлсары қаласындағы  нөмірі 6-шы мектепте болған.  Оның әрекеті мектептің бейнекамерасына түсіп қалды. 10 сынып оқушысы сыныптағы жанжалдан соң, екі қатарласын балтамен қуып, дене жарақатын салып, артынша ізін суытқан.  Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Күдіктіні тәртіп сақшылары дереу қолға түсіріп, уақытша ұстау изоляторына қамады.  Кейбір деректер бойынша,  оқушы қаладағы танымал кәсіпкердің ұлы екен. Аталған дерек бойынша бұзақылық фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

ҒАЛЫМ БАЙЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жинақталған материалдар шешім қабылдау үшін Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға жолданды. Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасына қатысты кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Қылмыстық іс аясында қылмысқа ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы білім беру бөліміне ұсыныс енгізілді.