$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жаңатас қаласында жойқын желден ағаштар құлап, 30-дан астам көлікті басып қалды

AstanaTV
06.02.2026ж. 19:00
Жаңатас қаласында жойқын желден ағаштар құлап, 30-дан астам көлікті басып қалды

Жамбыл облысы Жаңатас қаласында жойқын жел тұрғын үйдің шатырларын ұшырып кетті. Электр бағаналары қирап, жарық сымдары үзілді. Ауа райының қолайсыздығынан шағын қаланың астаң-кестеңі шығып жұрттың жүріп тұру қиындап, мектепте оқу тоқтатылды. 

Сарысу ауданы орталығында дауыл таңғы 5 те басталған көрінеді. Желдің екпіні 32 метр сек жеткен. Салдарынан 10 көпқабатты тұрғын үй  зардап шекті. Үш үйдің төбе жапқышы түгелімен ұшып кеткен. Тұрғындар аспаннан  шатыр жауған күн деп бейнетаспаға түсіріп әлеуметтік желіге жүктеп әлек. Олар бұл сапасыз істелген жұмыстың сипаты деп шулап жатыр. Сонымен қатар аудандық мәдениет үйнің сыртқы жабындысы мен шатырына зақым келген. 8 кәсіпкерлік нысан бүлінген. Қаладағы ЛЭД экран қирап, бағаналар құлады. 4 жарым шақырым электр сымы үзіліп, жарық желілері жұлынған. 30 дан аса тал құлап 16 дан аса көлікті басып қалған. Оның ішінде 2 қоғамдық автобус бар. Абырой болғанда адам зардап шекпеген,  медициналық көмек жүгінгендер жоқ.  Аудан көлемінде штаб құрамы бекітіліп, келтірілген шығын көлемі есептеліп жатыр. Қазіргі уақытта боранның екпіні басылды.

СӘКЕН МАМЫТБЕКОВ, САРЫСУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Қазіргі уақытта қайта қалпына келтіру жұмыстарын бастап кеттік. Анықтау зерделеу жұмыстары толық аяқталды. Көше жарықтарына зақым келтірілді. Жарым шақырым сымдар үзілді. Бағаналардың біразы қирады. Қалада саяси ақуал тұрақты. Су жылу барлық коммуналдық мүшелері толық берілген.