$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зияткерлік мектепке түсу үшін қосымша білім алу шарт па?

AstanaTV
06.02.2026ж. 19:00
Зияткерлік мектепке түсу үшін қосымша білім алу шарт па?

Арнайы оқу орталықтарына бармаса оқушы зияткерлік мектептің сынағынан өте алмайды. Қоғамда осындай пікір қалыптасқан. Баламыздың болашағы деп ата-аналар да аянып қалып жатқан жоқ. Қалтасындағы соңғы тиынын санап беріп, қосымша білім алуда. Тіпті жылдап дайындалады. Мектептегі білім расымен жеткіліксіз бе, әлді сынақ сұрақтары қиын ба?Тақырыпты тілші Айғаным Тұрысбек зерттеп көрді.

Елімізде көпшілікке белгілі бірнеше дарынды білім ордалары бар. Ақпан айында зияткерлік мектептерге қабылдау үшін тестілеуге өтініш қабылданады. Бұл іріктеуге балалар мен ата-аналар жылдап дайындалады. Білімге деген қызығушылық қуантады, әрине. Дегенмен, сол тест үшін ата-аналар баласын қыруар қаржыға қосымша курстарға апаруға мәжбүр. Қазір елімізде оқу орталықтарының саны жыл санап артып келеді. Айлық төлемі 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейін жетеді. Осы тұста баланың мектептен алған білімі тест тапсыруға жеткілікті ме деген сұрақ туындайды.

НҰРМҰХАММЕД ДОСЫБАЕВ, САРАПШЫ:

Ондай күрделі бағдарламада оқытатын мектептерге әрине де оқушыларды іріктеп алады. Себебі, қазіргі оқушылар оқып жатырған жалпы білім беру мектептерінің оқу бағдарламасы қиын, күрделі оқыту бағдарламасына дайындамайды. Сондықтан ата-аналар арнайы нарықтағы осындай сұранысты талапты қамтамасыз ететін білім беру орталықтарына, репетиторларға барады.

Баланың болашағы үшін деп барын салып жүрген ата-аналар жетерлік. Тіпті ауылдан қалаға қатынап, қосымша білім алып жүргендер бар. Онлайн дайындықққа көңілдері толмаған. Сондықтан жолдың алыстығына қарамастан білімдерін жетілдіріп жатыр.

БЛИЦ:

- Мектепте мысалы Назарбаев мектебіне, қазіргі БИЛ мектебіне түсу үшін логика керек. Логикалық математикалар жай стандартты мектепте тереңдетілмеген. Ал бұл жерде кәдімгі сабақ ретінде қаралып, сағаттап уақыт бөлініп, баланың деңгейін көтеріп береді. 15,5 айға кәдімгі наличка қолыммен төлеп осы білімді сатып алдым.

- Қызым 3-сыныпта оқиды. Бұйырса, НИШ, РФМШ мекептерге түссін деп Алла жазса осыған дайындалып жүрміз. Қалай қымбат болсын арзан болсын бала үшін төлейміз тырысамыз.

- Мектепте жақсы оқып жатыр. Бірақ сол КТЛ дайындап жатырмыз. Болашағы үшін ақша төлейміз.

“Балаңызды зияткерлік мектепке түсіріп береміз” деп уәдені үйіп-түгіп беретін орталықтар аз емес. Алайда дарынды мектептердің емтихан сұрақтары ашық жарияланбайды. Сонда қосымша орталықтар балаларды нақты қалай дайындайды?

МАДИНА НАРТАЙ, ОҚУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Дарынды мектептептердің емтихан тесттері жарияланбайды. Сол тест базасына ұқсас тест тапсырмаларын зерттейміз. Соған ұқсас бағытта дағдыларын дамытуға балалармен жұмыс жасаймыз. Сұраныс жылдан-жалға артып жатыр. Мәселен, Астана қаласындағы зияткерлік мектептің өзіне 144 грант орын бөлінеді. Ал ол жаққа 3 000-нан аса бала қатысушы болып өз бағын сынайды.

Бүгінде ата-аналар баласының болашағы үшін уақытын да, қаржысын да аямай отыр. Зияткерлік мектептерге түсуге ниетті оқушылар саны артқан сайын, дайындық орталықтары да көбейіп келеді. Бұл – бір жағынан сұраныс, екінші жағынан білім саласындағы үлкен бәсеке. Ал қалтасы көтермейтін ата-аналар үшін баласын қалай дайындайды деген сұрақ әлі де өзекті күйінде қалып отыр.