Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, қару-жарақты өткізу және сақтау, қорқытып алу, ұрланған автокөлікті заңдастыру, сондай-ақ өзге де қылмыстарға қатысы бар бірқатар қылмыстық топтардың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операция жүргізді.
Іс-шаралар Алматы, Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, ШҚО, Жамбыл, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында жүргізілді. Арнайы операция кезінде 20 адам ұсталды, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.