$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мәжіліс төрағасы Беларусь Республикасына ресми сапармен барды

06.02.2026ж. 19:00
Мәжіліс төрағасы Беларусь Республикасына ресми сапармен барды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды. Төраға Минскіде ел Президенті Александр Лукашенкомен, Ұлттық жиналыстың Өкілдер палатасының басшысы және Республика Кеңесінің төрағасымен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастың жоғары деңгейін атап өтіп, парламентаралық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ Ерлан Қошанов Президент бастамасымен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды саяси өзгерістер туралы сөз қозғады. Елімізде мемлекеттің қоғамдық-саяси және құқықтық архитектурасын түбегейлі жаңғыртатын жаңа Конституцияның жобасы кеңінен талқыланып жатқанын жеткізді.

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Қазақстан мен Беларусь – сенімді стратегиялық серіктес. Мемлекеттер басшылары мұны үнемі айтып келеді.  Екі ел арасында жемісті саяси диалог жолға қойылған. Өнеркәсіпте, машина жасауда және аграрлық салада кооперациялық байланыс кеңейіп жатыр. Екі мемлекеттің парламенттері де өзара қарым-қатынастың қарқынды дамуына зор үлес қосуда. Заң шығару ісінде тұрақты тәжірибе алмасу жолға қойылып, достық топтары белсенді әрі нәтижелі жұмыс істеп жатыр, депутаттарымыздың арасында бекем байланыс орнаған.