$541.34 €640.73 ₽6.53
×

TALQYLAU диалог алаңында жаңа Конституция жобасы талқыланды

TALQYLAU диалог алаңында жаңа Конституция жобасы талқыланды

Астанада «AMANAT» партиясының Қоғамдық саясат институты ұйымдастырған TALQYLAU диалог алаңында жаңа Конституция жобасы талқыланды.

Жиынға қатысушылар бұл құжат - елдің жарқын болашағына, айқын қадам дейді.

Жаңа Конституция жобасы Қазақстанды технологияны тұтынушы елден, оны өндіруші мемлекетке айналдыруға негіз болуы мүмкін. Сарапшылар ғылым мен инновацияны дамыту ұлттық қауіпсіздік пен тұрақты өсудің басты факторы екенін айтады.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Негізгі құндылықтар, 3-бапта бөлек тармақ, адами капитал, ғылым, инновация, ҚР басымдылық бағыттары ретінде белгіленген. Мына келе жатқан үлкен ғылыми технологиялық революцияларға еліміз дайын болу керек. Соның кепілі, соның негізі мына  ата-заңымызға енгізіліп жатқан жаңа құндылықтар, жаңа бағыттар. 

БЕКЗАТ АЛТЫНБЕКОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мемлекетімізді адами капитал өте жақсы дамығанымен, қылым кішкене кешеуілдеп келе жатқан секілді. Бірақ біздің осы жаңа ата заңымыз, конституциямыз  осы ол қылықтардың орнын толтырып, еліміздегі ғылымның, ілімнің дамуына үлкен мүмкіндік беретіндігін мен баса айтқым келеді.