$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Алматыда жаңа Конституция жобасы қолдау тапты

Алматыда жаңа Конституция жобасы қолдау тапты

Жаңа Конституция жобасы биліктің жаңа архитектурасын қалыптастырып, қоғамды одан әрі демократияландыруға жағдай жасайды. Алматыда қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесу барысында Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров осылай деді. Жиында  Конституция жобасы жан-жақты әрі ашық талқыланып, өзгерістердің негізгі бағыттары түсіндірілді. Сонымен қатар елдің тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайту тақырыбы кеңінен қозғалды. Депутаттар  пікірлерді ескере отырып, ұсыныстардыы комиссия мүшелеріне жолдайтынын айтты.

ЕРЛАН САИРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Дүниежүзінде мемлекеттік институттардың барлығы әлсіреп бара жатыр. Мемлекеттер әлсіреп бара жатыр. Оны барлығымыз көріп отырмыз. Міне осы мемлекеттер әлсіреп бара жатқан кезде біздің Қазақстанның біздің мемлекетіміз коррозия болмас үшін мемлекеттік институттарды ұстап тұрудың механизмі.