$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызыл кітапқа енген тас сусары фототұзаққа түсіп қалды

06.02.2026ж. 18:34
Қызыл кітапқа енген тас сусары фототұзаққа түсіп қалды
Фото: fishing.kz

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Темірлік аймағында фототұзаққа Қызыл кітапқа енген сирек жыртқыш - тас сусары түсіп қалды.

Тас сусары таулы және жартасты аймақтарды мекендейтін епті әрі сақ сүтқоректі, негізінен түнде белсенді болады және кеміргіштер, ұсақ құстар, жәндіктер мен өсімдік жемістерімен қоректенеді.