$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Биыл Солтүстік Қазақстан өңіріне 3 мыңнан аса адам қоныс аудара алады

06.02.2026ж. 20:12
Биыл Солтүстік Қазақстан өңіріне 3 мыңнан аса адам қоныс аудара алады
Фото: jambylinfo.kz

Биыл Солтүстік Қазақстан өңіріне 3 мыңнан аса адам қоныс аудара алады. Оның ішінде шетелден келетін ағайын да бар.

Өңірге көш түзеуге ниет білдірген әр адамға мемлекет тарапынан бір жолғы жәрдемақы мен үй сатып алуға «Экономикалық ұтқырлық сертификаты» беріледі. Қазір оның көлемі 7 млн теңгеге дейін ұлғайды. Сонымен қатар көшіп келген отбасыға бизнес бастауға қайтарымсыз грант қарастырылған.