Түркістан облысы Ордабасы ауданындағы көпбейінді орталық ауруханада алып сәби дүниеге келді. Баланың салмағы 6015 грамм, бойы 63 сантиметр.
Дәрігерлер кеңесінің шешімімен әйел кесар тілігі арқылы босанған. Операция сәтті өткен. Ана мен баланың жағдайы қанағаттанарлық.