$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан Президенті Исламабадтағы қастандық әрекетті қатаң айыптады

06.02.2026ж. 20:32
Қазақстан Президенті Исламабадтағы қастандық әрекетті қатаң айыптады
Фото: Ақорда

 Мемлекет басшысы Пәкістанның Президенті мен Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Исламабадтағы лаңкестік актінің салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты.

— Қазақстан Президенті қастандық әрекетті қатаң айыптады. Сонымен қатар құрбан болған азаматтар мен жарақат алған адамдардың туған-туыстарын сабырға шақырып, Пәкістан халқының қайғысына ортақ екенін жеткізді, — делінген хабарламада.