$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Пәкістанның Исламабад қаласындағы мешітте жарылыс болды

06.02.2026ж. 21:30
Пәкістанның Исламабад қаласындағы мешітте жарылыс болды
Фото: Anadolu

Соңғы мәліметтерге сәйкес, 31 адам қаза тауып, 169 адам жарақат алды.

Жарылыс жұма намазынан кейін және мешіттің кіреберісінде болған.

Куәгерлердің айтуынша, шабуылдаушы қауіпсіздік күштеріне оқ жаудырып, содан кейін мешіттің ішіндегі жарылғыш белдігін жарып жіберген.

Жергілікті Dawn газетінің мәліметінше, Исламабадтағы ауруханада төтенше жағдай жарияланды.