$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылды

Қар құрсауында қалып қойғандар құтқарылды
Фото: ТЖМ

Жамбыл облысы Жуалы ауданы облыстық маңызы бар «Б. Момышұлы — Көлтоған» тас жолының 38-шақырымында қар құрсауында қалған автокөлік жүргізушілері мен жолаушыларына көмек көрсету мақсатында авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілді.

— ТЖМ күштері қар құрсауынан 4 автокөлікті шығарып, көлік ішнде болған 8 адамға, оның ішінде 1 балаға көмек көрсетілді. Азаматтар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ. Көмек көрсетілгеннен кейін жүргізушілер қозғалыстарын жалғастырды, — делінген хабарламада.