$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді", - А.Балаева

"Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді", - А.Балаева
фото скрин

Жаңа Конституция жобасы сөз бостандығына кепілдік береді. Аида Балаева жаңа Конституция жобасында сөз бостандығына қатысты қандай өзгерістер болатынын айтты.

«Қоғамда сөз бостандығына қатысты мәселелерге ерекше мән беріліп отыр. Азаматтар Конституцияда бекітілетін тұжырымдардың айқын әрі екіұшты түсіндіруге жол бермейтіндей болуын күтеді. Жаңа Конституция жобасы дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, сөз бостандығына кепілдік береді. Ұсынылып отырған нормалар сөз бостандығын шектеуге емес, әр адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін, жеке өміріне қол сұқпау құқығын қорғауға бағытталған. Бұл халықаралық құқық талаптарына толық сәйкес келеді», – деді Балаева.

Министр атағандай, азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің он тоғызыншы бабында әр адамның өз пікірін еркін ұстануға құқылы екені көрсетіле отырып, басқа адамдардың құқықтары мен абыройын қорғау, ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында бұл құқықтың заңмен шектелуі мүмкін екені де нақты жазылған.

«Жаңа Конституция жобасындағы осы бапқа қатысты журналистердің ұстанымына келер болсақ, медиақауымдастықтың үндеуі мұқият зерделенді. Мәдениет және ақпарат министрі әрі конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшесі ретінде бұл түзетулер ешбір жағдайда сөз бостандығын шектеуге алып келмейтінін сеніммен айтуға болады. Қорытындылай келе, бұрыннан белгілі бұл түзетулер жаңашылдық емес, олар жауапкершілікті арттыруға бағытталған құқықтық тетіктер ретінде ұсынылып отыр», –  деді министр.