Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қарағанды мен Теміртаудағы ауруханаларда көз жұмған екі сәбидің өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

AstanaTV
08.01.2018ж. 20:00
2270
Қарағанды мен Теміртаудағы ауруханаларда көз жұмған екі сәбидің өліміне қатысты тексеру жүріп жатыр

Қарағанды мен Теміртаудағы ауруханаларда көз жұмған екі сәбидің өліміне ақ халаттылар кінәлі болуы мүмкін. Бұл туралы қоғамдық денсаулықты қорғау департаментінің басшылығы мәлімдеді. Яғни "дәрігерлер олардың жағдайын дер кезінде дұрыс бағалай алмаған болуы ықтимал" дейді. 

Ольга Смирнова, Қоғамдық денсаулықты қорғау департаменті басшысының орынбасары:

Әр дәрігер, әр медбикеге қатысты жеке-жеке тұжырым жасаймыз. Бұл жерде әңгіме ем-домды ұйымдастыру жайында болып тұр. Кіші дәрігер балалардың жағдайы туралы тиісті мәліметтерді аға дәрігерге хабарлауы тиіс. Ал медбике дәрігерге жеткізуі керек. Мамандар осы жұмысты орындамаған.

Мақпал Жарылқасынова:

Медик болмасам да, мен соны білем. Обследовать ету керек қой, обследовать...

Мақпал Жарылқасынова баласының өліміне Теміртау қалалық ауруханасының  дәрігерлерін кінәлайды. Қаңтардың үші күні түскен 1 жарым жасар Аслан бірнеше сағаттан кейін көз жұмған. Анасы жағдайы нашарлаған балаға дер кезінде тиісті ем - шара жасалмады деп отыр.

Осыған ұқсас жағдай Қарағандыдағы инфекциялық ауруханада да орын алған. Желтоқсанның 31 не 3 жасар сәби өткір ішек инфекциясынан көз жұмды. Қазір екі емдеу мекемесінде де жоспардан тыс тексеріс жүріп жатыр. Оған ішкі істер органының қызметкерлері мен прокурорлар, бүлдіршіндердің туыстары да қатысуда. Аурухана палаталары мен ем-шара бөлмелерінен, сондай-ақ балалар тұтынған тағамдардан сынама алынып, сараптамаға жіберілген. Зерттеу қорытындысы 1 аптадан кейін шығады.