Елизавета Голубева мен Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта жеке рекордын жаңартты.
Тәжірибелі отандасымыз Надежда Морозова осы сында 4:01.20 секунд нәтижесімен 6-орын алды. Тағы бір Ұлттық құрама спортшысы Елизавета Голубева қашықтықты 4:03.30 секундта еңсеріп, 10-сатыдан көрінді. Ол 5-жұпта Сандрин Ташпен (Бельгия) бірге жүгірді.
Әйелдер, 3000 м. Жүлдегерлер:
1. Франческа Лоллобриджида (Италия) Олимпиада рекордын тіркеді 3:54.28 секунд
2. Рагне Вилклунд (Норвегия)
3. Валери Мальтиас (Канада)
Бүгін бұл бағдарламада барлығы 10 жұп жарыс жолына шықты. Ертең кешкі сағат 20:00-де ерлер 5000 метрге жарысып, кім мықтыны анықтайды.