Қазақстан құрамасы тас жолдағы велоспорттан Әл-Қассимде (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Отандастарымыз аралас командалық сайыста ел намысын қорғап, күмістен алқа тақты.
Команда сапында Евгений Федоров, Николас Винокуров, Мансұр Бейсембай, Рината Сұлтанова, Мария Елькина және Ангелина Буренкова өнер көрсетті.
Гонконг құрамасы жарыста топ жарса, Қытай командамы үздік үштікті түйіндеді.