$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ертең қар жауып, жел күшейеді

08.02.2026ж. 19:43
Ертең қар жауып, жел күшейеді
Фото: pixabay

«Қазгидромет» мәліметінше, 9 ақпан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашынды болып (жаңбыр, қар), боран соғып, көктайғақ болады, тұман басып, жел күшейеді.

Тек республиканың шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

Батыста, оңтүстікте, Алматы облысының таулы аудандарында, Абай облысының оңтүстігі мен орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында, Жетісу облысындағы Алакөл көлдері маңында, сондай-ақ Түркістан облысының таулы асуларында күндіз желдің жылдамдығы секундына 30 метр және одан да жоғары болуы мүмкін.