$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні

09.02.2026ж. 10:25
Бүгін - ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні
Фото: youtube.com

Бүгін -ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күні. Қазақ поэзиясында қайталанбас қолтаңба қалдырған жыр дүлдүлі бар жоғы 45 жасында өмірден озды. Алайда, өмірден ерте өткенімен бүгінгі ұрпақтың өмірінен өшкен емес. Жер жерде жыл сайын мұзбалақ ақынның туған күні поэзияның туған күні ретінде аталып өтіледі.

Ақынның жанды тербер өлеңдері әр қазақтың жүрегіндегі жара жазаны білді. Өзін іздеген жан әуелі Мұқағалидың поэзиясынан өзін тауып жататын күнге жетті. Ақын өзі де: «Мен – XXI ғасыр ұрпақтарының құрдасымын...» деуі бекер емес. 

Өлең өлкесінде өшпестей із қалдырған Мұқағали жыры тілге жеңіл жүрекке жылы тиетінімен ерекше. Сол себепті де ақын өлеңін бесіктегі баладан, еңкейген қарияға дейін жатқа оқиды. Ақын үшін де бұдан асқан бақыт жоқ шығар.