Бүгін күндіз Қарағанды облысы Абай ауданы Ялта ауылынан 8 шақырым қашықтықта 3 адам мінген жеңіл көлік қарда тұрып қалды.
Құтқарушылар шақыртуға жедел әрекет етіп, ішінде үш адам болған автокөлікті тазартылған жол бөлігіне сүйреп шығарды. Эвакуацияланған азаматтар ТЖМ қызметкерлеріне алғыс білдірді.
Оларға медициналық көмек қажет болған жоқ.