Солтүстік Қазақстан облысында қос жантүршігерлік жол апаты болды. Біріншісі Мамлют Қостанай тас жолында түнгі сағат үштер шамасында болған. Становое ауылының маңайында Ауди темір тұлпары Камаз жүк көлігімен соқтығысып, жеңіл көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Алдын ала болжам бойынша аудидің 25 жастағы жүргізушісі қарама қарсы бағытқа шығып кеткен. Ал екінші апат Қызылжар ауданында болды. Тайота камри көлігі Шахманмен бетпе-бет соқтығысып, бірден өртенген. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы көз жұмды. Ал жүк көлігінің жүргізушісі отқа оранған көліктен шығып үлгеріп, аман қалды.
АНАРА ЖЫЛҚЫБАЕВА, СҚО ПД АНЫҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Полиция қылмыстық істер қозғады. Қазіргі уақытта орын алған жол көлік оқиғаларының барлық мән-жайлары анықталуда. Полиция департаменті ескертеді: жолдардағы қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін қозғалыс ережелерін қатаң сақтау, жол және ауа райы жағдайларын ескеру, сондай-ақ көлік құралдарының техникалық жағдайы бақылау қажет.