"Тексеру ұйымдастырып, бизнесіңді жаптырамын". Шымкентте кәсіпкерден 20 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды. Полиция оны жергілікті кәсіпкерден ірі көлемде ақша бопсалап, алу сәтінде қолға түсірді. Тергеу барысында күдіктінің қоғамдық тамақтану орнын бейнежазбаға түсіріп, кейін иесіне қысым көрсеткені белгілі болған.
БАҒЛАН ИСАТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Қабылданған шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.