$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда мемекеттік бағдарлама асында пайдалануға берілгеніне 5 жыл болған баспаналар апатты деп танылды

Атырауда мемекеттік бағдарлама асында пайдалануға берілгеніне 5 жыл болған баспаналар апатты деп танылды

Атырау қаласының  іргесіндегі  Талқайран-2 ықшамауданында мемлекеттік бағдарлама аясында пайдалануға берілгеніне 5-ақ жыл болған баспаналар қазірдің өзінде күрделі жөндеуді қажет етеді.   Сараптама қорытындысында ол үйлерді күрделі жөндеуге кететін шығын жаңа үй салғанмен пара-пар деген. Ал баспаналарды салған құрылыс компаниясы “банкрот” деп танылдық деп, жауапкершіліктен қашып отыр. Қабырғасы қақырап, іргесі сөгіліп жатқан үй тұрғындары  әкімдік  мәселемізді шешіп, өтемақы төлесін деп бас көтерді.

“Талғайран-2” ықшамауданыда “Нұрлы жер” мемлекеттік бағдарламасымен  салынған 60 үй 2021 жылы пайдалануға берілген.  Халық қоныс той жасамастан-ақ,   құрылыстың сапасыз екенін білдік,- дейді. Бес жыл ішінде  қабырғадағы жарық үлкейіп, шатыр құлап,  адам өміріне қауіп төндіретіндей күйге түскен. 

АЛТЫН ДЕМЕШОВА, ТҰРҒЫН:

“Нұрлы жер” бағдарламасымен  2020 жылы осы үйді алдым. Алғаннан бастап ас үй  мен залдың ортасы қабырға құлап қалды. Түгел. Ортасында ештеңемен ұстатпаған. 14 млн 364 мың ақша төледік. Мына үйді сатамын деп түгел жаптым. Себебі, тұру мүмкін болмады. Жарлар жарылып жатыр, іргетас төменге түсіп кеткен. Откос төменге қарай кетіп қалған. 

Мұндағы 60 үйдің 12-сі екі қабатты, 28-і бір қабатты, ал қалған 20 үй екі пәтерден тұрады. Құрылысты үш мердігер компания жүргізген.  14 үйді салған «АзияСтройСервис» компаниясы өздерін банкрот деп танылғанын айтып, қандай да бір жауапкершілікті алмайтынын ашық айтыпты. Жаңа баспана алдық деп қуанып, “Отбасы банкі” арқылы итотекаға  рәсімдеген жұрт енді несие мен сапасыз үйден құтыла алмай отыр.

ЖОЛМЫРЗА ҚАБДЕШЕВ, ТҰРҒЫН:

Кілтті құрылыс бөлімінен алдық, құжатты ЖКХ-дан алдық. Сосын әкімшілік. Біз үш мекемеден талап етеміз. Мамандар үй сносқа кету керек деп шығарып берген. Тұруға болмайды. Іргетасынан бастап, шатырына дейін пайдасыз.  Облыстың әкімі бақылауға аламыз деп айтқан. Шешіледі деген. Алайда шешіліп жатқан жоқ.

Тұрғындар қанша асықса да, әкімдіктегілер шыққан сараптама қорытындысымен әлі толықтай танысқан жоқпыз,- дейді. 14 үйдің иесімен жеке кездесіп, жиналыс өткіземіз деп отыр.

АРНАТ ОНДАСЫНОВ, АТЫРАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі  қорытындыға байланысты бұл үйге толыққанды тұруға мүмкіндік жоқ. Тікелей сносқа кету керек деген қорытынды жоқ қазір. Қазір  жөндеуге болады деп тұр. Бірақ оның жұмыс көлемі мен шығындары жаңа үй салғанмен тең  деп тұр. Немесе сол жаңа үй салуға тең деп тұрған соң сносқа беруге болады деп тұр ол үйлерді.

Бұдан бөлек 54 үйді салған «БатысАльянсСтрой» компаниясы өкілдері  60 шаршы метрлік үйлерге 18 миллион теңге, ал 120 шаршы метрлік баспаналарға 30 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге дайын екенін мәлімдеген. Үй бұзып, жерді иесіне қалдырмақ. Алайда тұрғындар ол қаржының бір бөлігі несие жабуға кетеді деп келіспей отыр. Әкімдік өкілінің айтуынша, екі қабатты коттедждер тұрғындарынан  жеңіл-желпі ақауға байланысты шағым түскен.  ПД қылмыстық іс қозғады. Қазір  орындалған құрылыс жұмыстарының стандарттарға сәйкестігін анықтау  үшін  кешенді сот сараптамасы тағайындалған, сондай-ақ қаржылық  мәліметтер де зерделенуде