Түркістан облысындағы Жетісай ауданында шаруалар көктемгі дала жұмыстарын бастай алмай отыр. Әсіресе ерте пісетін бақша дақылдарын егетін уақыт өтіп барады деп қиналуда. Дихандардың айтуынша, субсидия сұрап, қажетті құжаттарды өткен жылдың соңында өткізіп қойғанмен, қаржы қолдарына әлі тимеген.
Әдетте шаруалар бұл уақытта ерте пісетін дақылды егіп болатын. Ал биыл олар егістік басында емес, қаржы ұйымының есігін күзетумен жүр. Өткен жылдың желтоқсанында құжат өткізгендерге бір айдан соң қаржы беріледі делінген. Бірақ ақша әлі жоқ дейді.
ӘБДІМҮТӘЛІП ОРАЗБАЕВ, ШАРУА:
Ертерек халыққа берсе. Осы халық уақытында амафос беріп, осы диханшылығымыздан жақсы өнім алсақ деген ниетпен жүрміз. Ал зауыттардан алсақ, бізге центнер қояды. Оның үстіне олардың проценті ауыр. Бізге дихандарға өте тиімсіз.
Мемлекет тарапынан төмен пайызбен берілетін қаражатқа қолы жетпегендердің кейбірі өз қамын жасай бастапты. Уақыт жоғалтпас үшін кейбір шаруалар пайызы жоғары болса да қарызға ақша алып көшет егуге кірісіп кеткен. Тек еккен өнімі шығынын өтей ме, жоқ па деп алаңдаулы. Айтуларынша, жыл да осындай қиындық. Қысы қысқа, күн райы жылы Жетісайға ақша алғашқылардың қатарында берілсе дейді.
АБДУЛЛА МЕЙІРБЕКОВ, ШАРУА:
Үкіметтің жәрдемақысын алсақ біз сол зауыттарға тәуелді болмас едік. Сол ақшаны алып, жұмыстарымызды жүргізіп, шаруалар өз кәсібін дөңгелетер еді. Бізге сол үшін ерте берілуі керек ақша. Бізге мамырдағы, маусымдағы ақшаның қажеті аз болып қалады. Негізсіз бағытқа пайдаланады ол кезде.
Ауданда мемлекеттен төмен пайызбен берілетін қаражатты алуға 150-ге жуық шаруадан өтініш түскен. Соның шамамен 10 проценті ақша алған.
САБЫРЖАН ЖАҚЫПОВ, «ЫРЫС» МҚҰ ЖЕТІСАЙ АУДАНДЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:
Бізде қазір «Ырыс-тан» 450 млн-дай теңге одобрение алды, шамамен 95 шаруа алып қойды одобрение. Бізде енді тағы 40-50 адам кезекте тұр Ырыс бойынша. Құдай қаласа түссе ертең бұларға береміз.
Қаржы ұйымындағылар да қаражаттың қашан түсіп, шаруалардың қолына қашан тиетінін білмейді. Ал көктемнің бір күнін жылға азық қылатын дихандардың күтуден өзге амалы қалмай тұр.