$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 60 отбасы баспаналы болды

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында 60 отбасы баспаналы болды

Алматы облысында «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жаңа тұрғын үйлер ел игілігіне берілді. Іле ауданында бой көтерген екі көпқабатты үйден 60 отбасына қоныс сыйланды. Жаңа баспаналар әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандарға үлестірілді. Бұл жоба өңірдегі тұрғын үй түйткілін жүйелі түрде шешуге бағытталған. Игі бастама халықтың тұрмыс сапасын арттыруға ықпал етіп отыр.

Баспана кілттері салтанатты түрде табысталды. Пәтерлер жетім балаларға, толық емес отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға және бюджеттік сала қызметкерлеріне үлестірілді.  Жаңа үйлер заманауи талаптарға сай салынып, тұрғындар үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай  жасалған.

ҚАЙЫРЖАН ЖАҚСЫМБЕТОВ, ІЛЕ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Іле ауданында 400-ге жуық адам кезекте тұр. Бүгінгі таңда сол Іле ауданы бойынша осы бағдарлама бойынша 269 пәтер сатып алынды. Осы пәтерлер қазіргі таңда “Отбасы банк” арқылы кезекке кезең-кезеңмен берілетін болады. Қазіргі таңда 60 пәтер берілді. Болашақта жылдың аяғына дейін кезең-кезеңмен толық 269 пәтер берілетін болады.

«AMANAT» партиясының бағдарламасы өңірлерде тұрғын үй қолжетімділігін арттыруды көздейді.  Өңірде өткен жылы 28 тұрғын үй салынып, 1 522 пәтер пайдалануға берілген еді.

АЛМАСБЕК САТИБАЕВ, “AMANAT” ПАРТИЯСЫ ІЛЕ АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:

Бұл нысан «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасы 2023-2027 жылға арналған сайлау алды бағдарламасында тұрған нысан болатын. «AMANAT» партиясының бұдан бөлек ауданымыздағы сайлау алды бағдарламасында тұрған нысандар бар. Ол биылға ауданымызда дәрігерлік амбулаториялардың ашылады екеуісі сайлау алдындағы бағдарламадағы. Жол картасындағы 2023-2027 жылғы арналған сайлау алды бағдарламадағы нысандар биылға беріледі.

Іле ауданында баспана кезегінде тұрған азаматтар саны 5 мыңнан асқан. Олардың басым бөлігі – көпбалалы отбасылар мен әлеуметтік әлсіз топ өкілдері. Осы мәселені шешу үшін ауданда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді. Әлеуметтік бағыттағы жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.