$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жолда қалған 12 адам құтқарылды

09.02.2026ж. 17:44
Жолда қалған 12 адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Жетісу облысында полицейлер боранда жолда қалған 12 адамға көмек көрсетті.

Алматы – Өскемен автожолының 611-шақырымында қалың қардан жеті жол талғамайтын көлік пен бір жеңіл көлік жолда тоқтап қалған. Көліктерде Абай облысынан Үшаралға бет алған 12 адам болған.

Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Еркін Ұлдаханов пен Ерсін Оңалбай жедел жетіп, қатты боран мен аязға қарамастан көліктерді қардан тазалап, қозғалысты қалпына келтірді.

Полицейлердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жолаушылар сапарын жалғастырды.