Киберполицейлер интернет арқылы алаяқтық жасаған күдіктіні ұстады. Тергеу барысында ол тұрғындардың сенімін пайдаланып, жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқаны белгілі болды.
Күдікті әлеуметтік желілер мен танымал хабарландыру сайттарында пәтерді жалға беру туралы хабарландыру жариялаған. Жалға алуға ниеттілер хабарласқанда, әйел алдын ала төлем жасауды талап еткен. Ақшаны алған соң, байланысқа шықпай қойған.
Күдіктінің төрт алаяқтық іске қатысы бары анықталды. Қазіргі таңда тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.