$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды

Ақтөбеде жол ережесін өрескел бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды
Polisia.kz

Ақтөбеде жол ережесін бұзған кортеж жүргізушілері жауапқа тартылды. Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында шетелдік есепте тұрған бірнеше көлік құралының жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны бейнеленген бейнежазба анықталды.

Аталған көліктер кортеж құрамында қозғалып, жол қозғалысының басқа қатысушыларына қауіп төндіре отырып, жолдың жүріс бөлігінде кері бағытта қозғалған. Сондай-ақ автокөліктердің бірінде рұқсат етілмеген жарық беру құрылғылары орнатылғаны белгілі болды. Патрульдік полиция қызметкерлері аталған көлік құралдарын анықтап, оларды арнайы айыппұл тұрағына қойды. Сонымен қатар рұқсат етілмеген жарық беру құрылғыларын орнатқан жүргізушіге қатысты материалдар тиісті шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды. Полиция жол қозғалысына қатысушыларға қандай да бір "хайп" мақсатындағы әрекеттердің жауапкершіліксіз қалмайтынын ескертеді. Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті.