$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада қоқыс пен қарды заңсыз төккендер жауапқа тартылды

Астанада қоқыс пен қарды заңсыз төккендер жауапқа тартылды
Polisia.kz.

 “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері елордада 78 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.

Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. Мысалы, Абай даңғылы бойында қар үйіліп қалған. Жауаптылар ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы 1-бөлігіне бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күн сайын қар тазалау жұмыстары бойынша   рейдтік іс-шаралар өткізіліп, “iKomek-109” бірыңғай анықтамалық қызметімен бірлесе отырып, қоқысты және ағынды суларды, сонымен қатар қарды белгіленбеген орындарға төгетін тұлғаларды анықтау жұмыстары жүргізілуде. Акция басталғалы бері 714 жүк және ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. “Таза Қазақстан” акциясы экологиялық жағдайды жақсартуға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге және азаматтардың табиғат тазалығына жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

— Егер сіз қалдықтарды төгу, құрылыс немесе басқа да қоқыстарды белгіленбеген орындарға жинау фактісінің куәсі болсаңыз, бұл туралы “102” нөміріне дереу хабарласыңыздар. Экологиялық ережелерді сақтауға және қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз, — дейді полицейлер.