$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда баласы әкесін пышақтап тастады

10.02.2026ж. 19:00
Павлодарда баласы әкесін пышақтап тастады

Павлодарда баласы әкесін пышақтады.  Бірге ішімдік ішкен олар  өзара сөзге келіп қалыпты. Ашуға булыққан ұлы  пышақ ала жүгірген. Салдарынан әкесі жарақат алып, ауруханадан бір-ақ шықты.  Аталған факті бойынша полиция денсаулыққа қасақана зиян келтіру бабымен іс қозғады.  Іс сотқа жетіп, әкесін пышақтаған ұл 4 жылға сотталды.

АСЛАНБЕК САЙЛАУ, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ СОЛТҮСТІК ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ ТЕРГЕУ БӨЛІМШЕСІНІҢ ТЕРГЕУШІСІ:

Сот алкогольдік мас күйін ауырлататын мән-жай ретінде ескерді. Сараптамалар себеп-салдарлық байланысты растады. Қылмыстық істің барлық материалдарын зерделей келе, сот айыпталушыға орташа қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеумен 4 жыл бас бостандығынан айыру және жазасын өтеу орны бойынша алкоголизмнен мәжбүрлі ем тағайындау жөнінде үкім шығарды.