$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да жылқы тебіндей алмай қырылып жатыр

10.02.2026ж. 19:00
БҚО-да жылқы тебіндей алмай қырылып жатыр

Батыс Қазақстан облысының Казталов және Жаңақала аудандарында жылқылар тебіндей алмай, қырылып жатыр. Шаруалардың айтуынша, Казталов ауданындағы үш ауылдың өзінде 60-тан астам жылқы қалың қарда азығын таппай, арам өлген. Аш малдың бірқатары іш тастап, мұзға жабысып қалыпты. Ал Жаңақала ауданының ветеринарлары 21 жылқының өлгенін растап, өлген малдың  жойылғанын жеткізді. Бірақ қауіпті ауру белгілері анықталмапты. Жылқы қырғынына былтырғы қуаңшылық себеп болғанын айтқан кәсіпкерлер амалы таусылып, өңірде төтенше жағдай жариялауын сұрап отыр.

НҰРБОЛАТ ӘДИЕТОВ, БҚО КАЗТАЛОВ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС МҮШЕСІ:

Облысымыз негізінен ауыл шаруашылығына қарап отыр. Жаңағы біздерде осы көп аудандарда жылқы қолға тұрып қалып жатыр және іш тастау бар. Осыған байланысты төтенше жағдай жариялауын сұраймын.

Ал облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері тек 21 жылқының шығын болғаны тіркелді дейді. Сондықтан заң талаптарына сай келмегендіктен, өңірде төтенше жағдай жариялау қисынсыз дейді. Өйткені малдың күйіне алдымен иесі жауапты болғандықтан, шығын шеккенін тиісті орындарға хабарлауға міндетті.

РҮСТЕМ ЗҰЛҚАШЕВ, БҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Жаз болса, давайте, жаз келді, төтенше жағдай жариялайық дейді. Қыс болса, давайте, қыс келді ғой. Қайтадан төтенше жағдай жариялайық дейді. Яғни 365 күн бойы төтенше жағдай жариялайық деген ұсыныстан басқа ұсыныс естіп жатқан жоқпыз. Тіпті төтенше жағдай жариялағанның өзінде де бүкіл процедураларымен біздің көмек барғанша көктем болады.