$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қазақстан азаматы Қырғызстанда ірі көлемде есірткімен ұсталды

11.02.2026ж. 10:49
Қазақстан азаматы Қырғызстанда ірі көлемде есірткімен ұсталды
Фото: ҚР ҰҚМК

Қырғызстанда синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді. Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы елдің Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Олардың мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының азаматы ұсталған. Күдіктіден 5 килограмм «альфа-PVP» синтетикалық есірткісі табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 282-бабы – «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың баламаларын аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз дайындау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта Қазақстан азаматы Қырғыз Республикасы ҰҚМК-нің тергеу изоляторында қамауда отыр. Есірткі тасымалын ұйымдастырушыларды анықтауға бағытталған қосымша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес, психотроптық заттарды және олардың баламаларын заңсыз өндіру, сақтау, тасымалдау және өткізу үшін мүлкін тәркілей отырып, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.