Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды қабылдады

AstanaTV
09.01.2018ж. 20:00
2421
Елбасы АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Кролды қабылдады

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа ресми сапары екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты одан әрі нығайтады. Қос мемлекеттің достық қарым-қатынасын жоғары деңгейге көтеруге сеп болмақ. Елбасы қабылдауында болған АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті Елшісі Джордж Крол осылай деді.

26 жылдан бері жалғасып келе жатқан дипломатиялық қатынас негізінде 70-ке жуық маңызды құжат қабылданды. Қазір елімізде Американың қатысуымен 500-ге тарта компания жұмыс істейді. Оның 150-ге жуығы - бірлескен кәсіпорындар.

Ресми Вашингтон биылғы ең алғашқы ресми қабылдауын Нұрсұлтан Назарбаевтан бастамақ. Кездесу барысында қос тарап үшін де маңызды келісімдер жасалады деп күтіліп отыр.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Я хотел встретиться специально с Вами. Вы знаете, перед моим визитом, развитие отношений США с Казахстаном. Во время своей деятельности Вы сыграли немалую роль. Я хочу поблагодарить за такую деятельность. За 26 лет независимости я имел контакты со всеми президентами. В целом, можно сказать, выстроили мы хорошие отношения.

Джордж Крол,  АҚШ-Тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі: 

Қазақстан Президентінің АҚШ-қа ресми сапары алдында аса маңызды кездесу өтті. АҚШ халқы Қазақстан басшысының бұл сапарын асыға күтіп отыр. Кездесуде екі елге де аса тиімді мәселелер сөз болады деп сенемін.