$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен жолға зақым келу қаупі туындап тұр

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен жолға зақым келу қаупі туындап тұр

Түркістан облысындағы Ақсу өзенінен жолға зақым келу қаупі туындап тұр. Өңірде ауа-райының жауын-шашынды болуы салдарынан Ақсу өзенінің су деңгейі көтеріліп кеткен. Салдарынан  Сайрам ауданына қарасты Әйтеке би, Ынтымақ және Ақсуабад ауылдарын жалғайтын облыстық маңызы бар автомобиль жолына зақым келу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, қазір өзеннің ағысы жолға қарай ұрып, жарлар құлауға шақ қалған. Қауіптің алдын алу мақсатында аудандық әкімдік тарапынан шұғыл шаралар қолға алынған. Жағалауды бекітіп, су арнасын реттеу жұмыстары жүргізілуде. Қазір мұнда арнайы техникалар жұмылдырылып, өзеннің ағысын бұру бағытында жұмыстар істеліп жатыр. Аудан басшылары қазіргі уақытта өзен мен жолдың арасы 5 ақ метрді құрап отырғанын айтуда. Егер су деңгейі күрт көтерілсе, жолға зақым келуі ықтималдығы жоғары дейді шенеуніктер.

ШУХРАТУЛЛА УБАЙДУЛЛАЕВ, САЙРАМ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Ақсу өзенінің табиғаты сондай, жылда арнасын ауыстырып тұрады. Қазір биылғы жылы қатты оң жаққа алып, жолға қауіп туындауда. Бүгінгі күнге қазір 8 техника жұмылдырылды. 20-ға жуық жұмысшы бар. Қазір арнаның басты жолын ашып болғаннан кейін, біз мынау блоктарды, тастарды қойып, арнаны бері бұрамыз.