Мал шаруашылығын дамыту үшін кәсіп иелерін қысқа мерзімде оқыту керек. Қазақстандық Turan мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Жәнібек Кенжебаев Президент тапсырмасына қатысты осындай пікір білдірді. Ол мал басын көбейту бойынша да, ақсап тұрған мәселенің көп екенін айтты. Сондықтан бізде өндірістік көрсеткіш тым төмен дейді. Үкімет ветеринария саласын дамытудың кешенді бағдарламасын дайындауда осы мәселелерді де назарға алуы керек деп санайды.
ЖӘНІБЕК КЕНЖЕБАЕВ, ҚАЗАҚСТАНДЫҚ "TURAN" МАЛ ӨСІРУШІЛЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Білім беру орталықтарын жасау керекпіз. Қысқа мерзімде үйрететін. Фермерлер көпқой, 30 мыңнан немесе 60 мыңнан астам фермер бар. Солардың бәрін қайда жібереміз. Олардың бәрін оқыту керек. Мысалы Қазақстанда 100 сиырдан 52 бұзау алады. Орташа есеппен. Бүкіл әлемді алсақ, мәселен АҚШ-ты. Ол жерде 100 сиырдан 90 алады.
Бұдан бөлек, кредит жүктемесін азайтуға байланысты да қатаң шаралар қарастырылып отыр. Президент тапсырмасына сәйкес, банкроттық жариялау, қарыздың негізгі бөлігін қайтару бойынша да оңтайлы тетіктер қарастырылған. Сарапшы Айбар Олжаев бұл бойынша былтыр ғана құрылған институтқа артылар міндет көп дейді.
АЙБАР ОЛЖАЕВ, САРАПШЫ:
Қарызы проблемасы бар адамдар қазір банк омбудсмен институты ашылды. Банктік омбудсмен деген адам болады. Ол жаңағы банктермен осы проблемасы бар адамдар арасындағы мәселені шешетін, өзінің құзырлылығы, өкілеттілігі бар тұлға. Мемлекет тағайындаған. Сондықтан осы институт жұмыс істесе ол, былай қарағанда бір жыл бұрын жұмыс істей бастады. Проблемалық кредиті бар адамдардың қарызын азайтуға жұмыс істейді деп ойлаймын.