$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада робототехника фестивалі басталды

AstanaTV
11.02.2026ж. 19:00
Астанада робототехника фестивалі басталды

Астанадағы Орталық Азиядағы ең ірі робототехника фестивалі – ALEM TECH FEST 2026 басталды. Іс -шараға Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан 5 000-нан астам оқушы қатысып жатыр. Бағдарлама аясында жасөспірімдер робототехника, дрондар, жасанды интеллект және STEM бағыттарында жарыстарға қатысып, инженерлік дағдыларын көрсетеді. Сонымен қатар шарада дрон-футбол, гуманоид роботтар арасындағы футбол турнирлері, роботтардың төтенше жағдайларды модельдейтін жарыстары мен жасанды интеллект бойынша білім беру бағдарламалары өткізіледі. Чемпионат қорытындысы бойынша 50 үздік команда анықталып, оның ішінде 14 команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына қатысады. Айта кетейік, Қазақстан - аталған жарыстың 4 дүркін чемпионы.

АСЫЛБЕК МҰРЗАХМЕТОВ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:

Биылғы маусымның тақырыбы - археология. Бүкіл осында жиналға балалар археологтармен бірге сол археологиядағы бар мәселелерді іздеп, зерттеп, сол мәселелерге өздерінің инженерлік шешімдерін ұсынып жатыр. Бұдан бөлек олар  арнайы роботтар жасаған. Бұл робот жасанды интеллекпен арнайы миссиялар орындауы керек спорттық форматта.