$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Рамазан айы 19 ақпанда басталады

Биыл Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Бұл туралы қасиетті айға арналған Төралқа мәжілісінде мәлім болды. Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің шешімі және ғылыми зерттеулер қорытындысы негізінде ортақ күн бекітілді. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 16-нан 17-не қараған түнге сәйкес келеді. Ал 20 наурыз - Ораза айт мерекесі. Бас мүфти жамағатты Рамазан айында ізгі амалдарды көбейтіп, рухани тазаруға үндеді.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, БАС МҮФТИ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Адам баласы бұл айда күндіз ораза ұстап, түндерін құлшылықпен өткізеді. 30 күн бойы ораза ұстап, күні атаулы әрекеттерден өзін тиып, өзін рухани тәрбиелейді. 30 күндік мектеп бізді рухани шыңға жеткізуге себепші. Сондықтан осы айда барынша сауапты істерде жарысып, күнәлі істерден өзімізді тиып. Өзімізді рухани тәрбиелейік.