Республикалық референдум 15 наурыз күні өтеді. Президент Жарлыққа қол қойды. Референдумға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдау мәселесі шығарылады. Айта кетейік, күні ертең бұқаралық ақпарат құралдарында соңғы өзгерістер енгізілген нұсқасы жарияланды. Дауыс беруге «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сауал шығарылады.
Референдумды дайындау және өткізу міндеті Референдумның орталық комиссиясының функцияларын атқаратын Орталық сайлау комиссиясына, сондай-ақ аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына жүктелді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Орталық сайлау комиссиясымен және өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, референдумды ұйымдастыру және өткізу бойынша қажетті шараларды қабылдау тапсырылды.