$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жамбыл облысында салықтан жалтарған компаниядан 1,1 млрд теңге өндірілді

11.02.2026ж. 21:16
Жамбыл облысында салықтан жалтарған компаниядан 1,1 млрд теңге өндірілді
Фото: АШМ

Жамбыл облысында ірі кәсіпорынның салық міндеттемелерін төмендету белгілері анықталып, нәтижесінде мемлекет кірісіне 1,1 млрд теңге өндірілді.

Қадағалау органы ірі салық төлеушілердің қызметін талдау барысында пайдалы қазбаларды өндіруге маманданған компания жұмысына қатысты заңбұзушылықтарды анықтаған.

Белгілі болғандай, кәсіпорын бағалы қағаздар бойынша төлемдерді негізсіз ұлғайтып, оларды салықтық шегерімдерге жатқызған. Сонымен қатар компанияның жылдық табысы шығарылған облигациялар құнынан төмен болған. Бұл корпоративтік табыс салығын төлеуден жалтару белгілерін көрсеткен.

Прокуратураның ұсынуы бойынша салықтық тексеру жүргізіліп, анықталған деректер расталды. Соның нәтижесінде мемлекет кірісіне 1,1 млрд теңге өндірілді.